СҰЛУ КЕЛБЕТ

               СҰЛУ КЕЛБЕТ 

Желмен есіп желетін сағым қуған,
Сәттерім бар , күмбірлеп күй толғаған.
Шежірелі Қаратау самалымен,
Әлі күнге  аймалап , сағындырған.


Сол бір тәтті сезіммен аласұрам,
Қалам алып тербеліп  ойды қуам.
Бұл өмірдің қаяусыз асыл күнін,
Өмірімді   өрнектеп жырмен тұнам.

Батқан күннің шапағымен тамсанам,
Бүкіл әлем бас игендей ұғынам.
Дөңгеленген атар таңды сезгенде,
Сұлу келбет оралад деп қуанам!

Сәл өтпей-ақ себелейді  түнгі аспан,
Ақ моншағын жайып салып жайғасқан.
Айлы түннің сұлу нұры төнгенде,
Жастығымның куәсіндей сырласам.

Әлем саған бас игендей  күлімдеп,
Құшағыңды ән кернейді түрткілеп.
Көмейіңде күмбірлеген дала үні,
Аймалайды ғашығыңдай үкілеп.

Жеттім-ау!- деп,домбыраны қолға алып,
Пернелерде  еркелейді  назданып.
Күмбірлеген кеудеңдегі әуенің,
Жандүниеңмен жұптасады шаттанып.

Жеті нота тоқсан тоғыз түрлене,
Бақыт шамын жаққандай боп әлемге.
Құбылады сені құшып төнгенде,
Жарысқандай желмен бірге сілкіне!

Орындалып арман-мақсат бар мүде,
Жеткендейсің Қаратаудың көгіне.
Қол бұлғайсың сен биікте қалықтап,
Жаншуағың әнмен бірге тербеле!


Ақын, әуесқой композитор:
                Жұпаркүл Бекшораева



 

Комментариев нет:

Отправить комментарий