Жұпаркүл Бекшораева - Өмірдерек

Ақын-ұстаз-һәм, сазгер және әнші Жұпаркүл Бекшораева  1954 жылы Түркістан ауданының Абай ауылында дүниеге келген. Мектеп  қабырғасында-ақ ақындықтың ұшқыны жас жүрегін баурап алғанды.
Қазіргі таңдағы басты мақсаты жастарды отансүйгіштікке, туған жердің топырағын
қастерлеге, елдігімізге дақ түсірмеуге  баулу.
Ол кісінің шығармашылық саладағы бүкіл болмысы сол ізгі ниеттен  бастау алып, барған сайын қанатын кеңге жая түсуде.       
Бекшораева Жұпаркүл  35 жылдан аса ұстаздық ұлағатымен шәкірт  жүрегінен орын алған , өнерді жанына серік еткен ,білімді, білікті жан.
Сонымен  бірге оқушыларға патрироттық тәрбие бере отырып, талантты, талапкерлерді ақындыққа баулу  арқылы Отанын, туған жерін, табиғатын , тілін, ділін сақтауға баулу жолында да көптеген істерді жүзеге асырды.Марапат пен мақтаудан кенде емес «Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі»,Халық қаҺарманы: Бауыржан Момышұлының "Батыр шапағаты"медалінің иегері,облыстық, республикалық, қалалық,  көп жылғы еңбектері орынды  бағаланған. білім беру бөлімі мен кәсіподақ ұйымының мақтау қағаздары мен дипломдарымен, алғыс хаттарымен ,  көп жылғы еңбектері орынды  бағаланған.
Жетістіктері жайлы айтар  боллсақ - 2009-2010 жылы қалалық
                                                               олимпиададан   ІІ-орын
                                                              2010-2011 жылы қалалық мұғалімдерді
                                                              шығармашылық сайысынан ІІ- орын.
                                                           2010-2011жылы «Кабинет» І-орын
                                                           2012—2013 «Майталман ұстаз»
                                                           2011-2012 жылы қалалық ақындар мүшәйрасының бірнеше дүркін жеңімпаздары. Бірнеше ұжымдық жинақтарда өлеңдері топталып, жарық көрген.
2013-2014 оқу жылында мұғалімдер мерекесіне орай: «Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі» деген атаққпен марапатталды.
Осы жылы «Үш биімнің 350-жылдығына орай» қалалық деңгейде  өткізілген мүшәйраның бас жүлдесін иеленді. Сонымен бірге қала көлеміндегі Ауған ардагерлер мүшәйрасынан ІІІ-орын иеленсе,  Кентау қаласының құрметті азаматы, «Ұстаздардың ұстазы» аталған Жүсіпбек Өміртаев ағайдың қалалық деңгейде өткізілген мүшәйраның бас жүлдесін алды.





        2014 жылы Жұпаркүл апайымыздың  «Жанымды ұғар-жыр бұлағым» атты жеке жинағы жарық көрді.
     Ұстаздық жолында ол кісі оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулып, бірнеше облыстық деңгейде оқушылары жүлделі орындарға ие  болған .
Ғылыми жұмыстарға оқушыларын баулып, зертеу жұмыстарымен бірнеше оқушыларды облыстық деңгейде жүлделі орындар алып , мадақтауларға  ие болуына тікелей үлесін қосты.
   2008-2009 оқу жылында «Абай және орыс достары» атты ғылыми жобасы облыстан Алғыс хатпен 11 сынып оқушысы  Өсерұлы Бақыт мадақталса, 2009-2010-жылы Алмахан Айзат Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен қалалық олимпиададан ІІ-орын, 2011жылы Абай-Шәкәрім оқуларынан Тынысбаева Қасиет,  қаладан бас жүлде, облыстан бас жүлде,республикадан 4-орынды жеңіп, «Абай және Шығыс ғұламалары» атты ғылыми жобадан қаладан І-орын, облыстан ІІІ-орын, 2012жылы Тәуелсіздіктің 20-жылдығындағы қаладағы мүшәйра сайысында бас жүлдені Тынысбаева Қасиет иеленсе, Ислам Шолпан ынталандыруды олжалады.
   2013-2014 оқу жылында Абай оқуларынан қаладан Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан 8-сынып оқушысы: Елдос  І-орынды,  ақындықтан  9-сынып оқушысы Әбдіханова Ақерке Ұлы Абайға арнап өлең шығарудан
 ІІ-орынды иеленді.
  «Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ардақтайық» деген тақырыпта
30-оқушының ішінен Әбдіханова Ақерке мен 6-сынып оқушысы Айдана Қадірбай номинациялармен марапатталды.
     Махамбет оқуларынан  Ислам Шолпан қаладан бас жүлде, облыстан ынталандыру, қалалық қазақ тілі олимпиада Тынысбаева Қасиет ІІІ-орын алды.
   Міне, мен жазып отырған қарындасымыздың маңдайтері туған халқы мен шәкірттерінің  жүрегіне  нұр құя  берері, үлгі болары сөзсіз.                   
  Ендігі қолға тиетін кітабымыз әндер жинағы болмақ. Жұпар қыз көп жылдардан бері ән шығару үрдісімен де айналып келеді. Әндері қазақы, салмақты туған жер мен Отан туралы сонымен бірге еңбек ардагерлеріне де ән жазып, өлең арнап жүрген ақын-сазгер қарындасымызға сәттілік тілеймін. Қаламың қарымды, әндерің халықтың жүрегінен орын ала берсін деген ағалық тілегімді  білдіремін.               


                             Есен Байту,
    Қазақстан Жазушылар Одағыны мүшесі                                                                                       





Комментариев нет:

Отправить комментарий