Түс көргенде жүремін Жайылмада

Түс көргенде жүремін Жайылмада

Жапырағы сарғайған сары күз кеп,
Табиғаттың мұңаям сəнін іздеп.
Құрдастарды сағындым ауылдағы,
Бас қосатын күн бар ма бəріміз деп?!


Сары түске малынып сайын дала,
Міне шапқан бəсіре тайын бала.
Шығар бəлкім ауылды аңсағаннан,
Түс көргенде жүремін "Жайылмада"

Жалаң аяқ тас тілген табанымды,
Қайран ғана қылықтар бала күнгі.
Ағаларды аңсадым ауылдағы,
Бола білген мəрттікпен маған үлгі.

Тəтті мұңым қозғалып жүректегі,
Сағынышсыз бүгінде күн өтпеді.
Мазалаған аңсаудың азабы бұл,
Жыр жолдарын санамда түлеткені.
     МҰХИТ МАХАЖАНОВ






Комментариев нет:

Отправить комментарий