ТЕК СЕНІ ҚАЛАЙМЫН

ТЕК СЕНІ ҚАЛАЙМЫН
Әні: Рахым Балабиевтіңкі

Әнімсің көгімде қалқыған,
Гүлімсің жұпары аңұыған.
Құрбымсың оңаша сырласқан,
Сыр ұғып қалатын түнгі аспан.    


Күнімсің шуағын шашатын,
Құшағын мен үшін ашатын.
Сен едің іздеген ғашығым,
Сен едің сүйіктім, асылым.    

Сен едің аңсаған арманым,
Сен едің жап –жасыл арманым.
Шымырлап жүректі оятқан,
Жырымды тек саған арнадым.      

Өзіңсің сүйіктім арайлым,
Арманы болдың –ау талайдың.
Басқадан өзіңді қызғанып,
Тек сені қалаймын. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий