Кентауым

Кентауым

Гүл қалам деп күнгейдегі келбетті,
Бесігіңде ақын жырмен тербетті.
Көшелері көз арбаған Кентауым,
Шырыны мол шат күндерім сенде өтті.

Құлыныңмын саған деген сезімі - ақ,
Талай  жерді шарлап қайттым кезіп - ақ.
Тым алыста  жүргенімде сағынып,
Кентауымды  аңсадым мен есіме ап.

Тағдыр бар ау - сенде де тайғанаған,
 Мұңыңды бұрын қалай байқамағам.
Күрсінесің Кентауым күйің кем бе,
Тұрғандайсың жылу күтіп айналадан.

Шаттығыңды  сумаң жел  ұрлаған ба,
Шырмауықтай заманың шырмаған ба?!
Қызығыңнан айырып кер кезеңің,
Алқымыңды ащы өксік тырнаған ба?!

Жамалыңмен қаламсың жыр түлеткен,
Көңіліңді қандай күш жыртық еткен?! .
Баттың ба әлде аңсаудың азабына,
Сағындырып дәуренің  дүркіреткен?!
        
Алмастырып өмірің күні – түнді,
Жоғалтпапсың аяулы үмітіңді.
Моно қала болдың ғой мұңаймашы,
Күн де жақын кең ашар тынысыңды.


 Мұхит  Мақажан 

Комментариев нет:

Отправить комментарий