ДАРҚАН ДАЛА

ДАРҚАН ДАЛА

Айналайын , ұланғайыр боз далам,
Сенсің менің сезімімді қозғаған.
Аманаттап кетсем деп ем ұрпаққа,
Қасиетіңді көнермеген , тозбаған.



ҚАЙЫРМАСЫ.
Мынау байтақ даласындай қазақтың,
Жоқ –ау дала бұл ғаламда ғажап тым !
Сол даланың жалбызының исімен,
Арманым жоқ шалқып өтсем аз –ақ күн.

Балалығым өзіңменен бірге өткен,
Қызғалдақтай көңілімді гүлдеткен.
Сенің ыстық ықыласың деп білем,
Маған біреу гүл ұсынса құрметпен.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Дарқан дала неткен ыстық құшағың,
Мен өзіңнен ғарышқа да ұшамын.
Сен арқылы асып –тасып көңілім,
Сен арқылы армандайдыкүш –ағын.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Комментариев нет:

Отправить комментарий