Бақытты тойла, қазағым менің

Бақытты тойла, қазағым менің

Сөзі мен әнін жазған Жұпаркүл Бекшораева

Тойлансын елім, мереке күнің,      .
Бақытқа жеткен, қазағым елім!
Сахара байтақ даламдай кеңсің,
Елбасын сүйген қазағым менің !

Қайырмасы:
Бақыттың дәмін тата бер елім,
Алланның нұры төгілсін лағыл.
Көк байрақ мәңгі, желбіре көкте!
Елбасы нұры  шуақ боп елге,
Көк байрақ мәңгі желбіре көкте,
Тәуелсіз елім- самғай бер күнде.

Елбасы дара- еліммен асыл,
Жайқалды қала  -Астана бағым.
Көшімді бастап- Нұр аға сенді,
Астана гүлдеп, шаттыққа енді.
Қайырмасы:
Бақыттың дәмін,тата бер елім,
Алланның нұры төгілсін лағыл!
Көк байрақ мәңгі, желбіре көкте,
Елбасы нұры , шуақ боп елге,
Көк байрақ мәңгі, желбіреп көкте,
Тәуелсіз елім самғай бер күнде.

Бақытты жастар,Астана -Ордаң.
Жұлдызға балап,әніңмен шырқар.
Елбасы  құрған Астана –қалам,
Ән болып тұнған Елбасы данам!
Қайырмасы:
Бақыттың дәмін,тата бер елім,
Алланның нұры төгілсін лағыл!
Көк байрақ мәңгі  желбіре көкте,
Елбасы нұры  шуақ боп елге,
Көк байрақ мәңгі желбіре көкте,
Тәуелсіз елім- самғай бер  күнде!

Комментариев нет:

Отправить комментарий