Аққу арман

                            Аққу арман

Сөзін жазған  Қыдырәлі Алдабергеновтікі
Әнін жазған Жұпаркүл Бекшораева.

Қыр гүліне көктемде жайқалатын,
Мен сырымды емеспін айта алатын.
Бір ару қыз, қос бұрымы толқынданы,
Жадыратты көңілді жай табатын.

Қайырмасы.
Көктемде жайқалған,
Бақытқа айналған.
Аққуым көктегі,
Сағыныш бір арман

Мазасыздық қонақтап көңіліме,
Қайығымыз жылжыды тербетіле.
Таңғажайып тамаша таң атқандай,
Өз сабаңа түсесің бірте-бірте.
Қайырмасы.
Көктемде жайқалған,
Бақытқа айналған.
Аққуым көктегі,
Сағыныш бір арман

Айнымаған ғажайып ертегіден,
Сол көктемім еркелеп ерте келген.
Аңсаған аққу арман бара жатыр,
Көтере  ұшып мені де жер бетінен.
Қайырмасы.
Көктемде жайқалған,
Бақытқа айналған.
Аққуым көктегі,
Сағыныш бір арман

Комментариев нет:

Отправить комментарий