ЖАНШУАҒЫМ

ЖАНШУАҒЫМ
Әні: Сүгірәлі Сапаралиевтікі
Сөзі: Рахым Балабиевтіңкі

Ұяң едім, жоқ еді жүректе мұң,
Жүргенімде әндетіп, түлеп демім.
Көзім түсті көзіңе кездейсоқта,
Жүрегімнің байқадым дір еткенін.


ҚАЙЫРМАСЫ.

Арман гүлін өсірдім,
Ғажайып бір шешілдім.
Артық айтсам, сен мені,
Кінәлама, кешірген.

Сүйдім сені, сүюім бекер емес,
Сенсіз менің күнім де өтер емес.
Сағынышым-бір өзің жүрсең де алыс,
Көз алдымнан келбетің кетер емес.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Жаншуағым, қимадым кетерде мен,
Сөзге сенбе «Махаббат бекер» деген.
Күннен-күнге барады елжіретіп,
Бір жылылық жанымды мекендеген.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Комментариев нет:

Отправить комментарий