Жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін қалалық орталық кітапхананың оқу залында Кентау қаласындағы   "Қаратау тəжі" əдеби бірлестігінің мүшесі Қыдырəлі Алдабергеновтың жергілікті баспадан жарық көрген "Кентау шуақтары" атты кітабының тұсау кесер рəсімі болып өтті. "Ақын өлсе артында мұраты қалады" -  демекші соңына сабақты сөз қалдырсам деп армандаған жазары бар ақынның бұл
кітабын Кентаулық оқырмандар жылы қабылдады. Алғаш боп сөз алған "Қаратау тəжі" əдеби бірлестігінің төрағасы Рахым Балабиев пен қаладағы "Қаратау тəжі" газетінің бас редакторы Есен Байту ағаларымыз Қыдырəлі Алдабергеновке шығармашылық табыс тілеп, жаңа кітаптың лентасын қиды. Өз кезегінде қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақнұр Байболова ақынды "қала əкімінің" мақтау дипломымен марапаттады. Қыдырəлі ағамыздың жалынды жырларын мектеп оқушылары жатқа оқығанда кітаптың тұсау кесер рəсіміне жиналған əдебиет сүйер қауым əрбір оқылған  жырларды  құмарта тыңдап, "өлеңдерінің жегілікті еті бар екен" ' десіп қошеметпен қол соғып отырды. "Кентау шуақтары" атты кітаптың авторы Алдабергеновтың өлеңдеріне əн жазған жергілікті ақын - сазгер Жұпаркүл Бекшораева жаңа əндерін əуезді үнмен орындап, аталмыш кешті əдемі аяқтады.
                                   МҰХИТ МАХАЖАНОВ




Комментариев нет:

Отправить комментарий