СҮЙЕМ СЕНІ

СҮЙЕМ СЕНІ
Әні: Рахым Балабиев
Сөзі : Рахым Балабиев  
        
Келші, жаным, кетейік алысырақ,
Күдікшілге әлемнің бәрі сұрақ.
Адам едің неғылған қасиетті,
Адал едің е деген жаны шуақ.


Сүйем сені,
Сүйемін ақтарылып,
Өзің болып шырағын жаққан үміт.
Саған деген сезімім сияқтанып,
Қызғалдақтар тұрады бақта күліп.

Көрсем сені кетемін еріп мүлде,
Сезіміңе мас болып еліттім де.
Сағыныштан сарғайып мен жүрмейін,
Жадыратшы жанымды келіп күнде.

Қызғалдағын қырқаның жүр терейік,
Бар қызығын өмірдің бір көрейік.
Аңсап күткен сен менің құсым болып,
Неке сарай төріне үлгерейік.   

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий