СЕНІ ОЙЛАДЫМ

СЕНІ ОЙЛАДЫМ
Әні: Арабай Байжанов

Аруларды жыр еткенде,
Жүректерге гүл еккенде.
Жан сезімім дір еткенде, сені ойладым.



ҚАЙЫРМАСЫ:
Мен  сені ойладым,
Кел, келші , жаным,
Алыстағы армандай сені ойладым.

Көктем келіп төрлеткенде,
Жыр бесігін тербеткенде.
Көзім түссе бойжеткенге, сені ойладым.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Қыр гүліне тамсанғанда,
Бұлбұл құстар ән салғанда
Кездесуді аңсағанда , сені ойладым.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Арман құсын ұшырғанда,
Қайғы мұңын ысырғанда,
Хат әкеліп ұсынғанда, сені оойладым.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий