СЕНІ ҒАНА САҒЫНАМЫН

СЕНІ ҒАНА САҒЫНАМЫН
Әні: Ә.Қонысбековтікі
Сөзі: Р.Балабиев

Өзің  едің ізгі арманым,
Өзің едің қызғалдағым.
Аралайық кел екеуміз,
Махаббаттың гүлзар бағын.
                            

Сен жимашы жаныма мұң,
Сені ғана сағынамын.
Сені ғана аңсаймын да,
Саған ғана табынамын.

Жұпар шашып гүл алаңым,
Көңіл тасып қуанамын.
Сенші , қалқам , ақырғы рет,
Сенші, қалқам, сұранамын.

Айым да өзің , күнім де өзің,
Жәудірейді күлім көзің.
Тұрғандайсың бақытты боп,
Бәрінен де бүгін өзің. 

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий