САУЫНШЫ ЖЕҢГЕЙДІҢ ӘНІ

САУЫНШЫ ЖЕҢГЕЙДІҢ ӘНІ
Әні: Қ.Төкебаевтікі

Сауыншымын
Бармағынан бал тамған,
Сауыншымын
Екі беттен қан тамған.

Сауыншымын,
Еселенген еңбегі.
Сауыншымын
Бақст күткен әр таңнан.

ҚАЙЫРМАСЫ:
Сауыным бар,
Қаймағым бар, майым бар.
Құртым тәтті, жеп көріңдер, тойыңдар.
Кел ағайын,
Есік ашып, төрге шық,
Малым қонды,
Жылы қора жайым бар

Сауыншымын,
Ән шырқаған жүрекпен,
Сауыншымын,
Бақытымды жыр еткен.
Сауыншымын,
Мынау тәтті өмірге,
Келген ылғи,
Тек жақсылық тілекпен.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Сауыншымын,
Ертеменен тұратын.
Сауншымын ,
Биік асыл мұратым.
Сауыншымын,
Жарыстарда бәйге алған.
Сауыншымын,
Жырлайтындай мың ақын.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий