Сағынамын мойыл көз ауыл түнін

Сағынамын  мойыл көз ауыл түнін 

Сөзі:Мұхит Махажанов

Бір басылмас көрмесем жан ынтығым,
Сағынамын мойыл көз ауыл түнін.
Сағынамын құлпырған қызғалдағы,
Жылуы мол шуақты сəуір күнін.


Сағынамын анамның алақанын,
Ақ дидарлы арайлы дала таңын.
Аңсатады сыздаған сағынышпен,
Артта қалған арманшыл бала шағым.

Жаза басқан түзетіп тұстарымды,
Заңғар көкке тілеген ұшқанымды.
Сағынамын санама сəуле құйған,
Өнердегі тəлімгер ұстазымды!
   

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий