Рахым Балабиев - Өмірдерек

Балабиев Рахым Базаргелдіұлы 1936 жылы 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы, Сызған совхозының Төскейсаз ауылында дүниеге келген. 1954 жылы отбасылық жағдайы мен Кентау қаласына көшіп келіп, 1956 жылы Кентаудағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебін бітіреді. 1958-1961 жылдар аралығында әскер қатарында болды. 1961 жылғы қазан айынын бастап Кентау қалалық жүк тасымалдау мекемесінде жүргізуші болып қызмет атқарды. Білімі жоғары. 1966 жылы Кентаудағы
тау құрлыс техникумының кешкі бөлімін бітірген. Кейіннен сырттай оқып, Мәскеу политехникалық институтының автомобиль факультетін тәмамдады. Мамандығы инженер-механик. 1967-1977 жылдар аралығында автоколона бастығы, 1977-1978 жылдар аралығында бас инженер, 1978-1984 жылдар аралығында Түлкібас жүк тасымалдау мекемесінің директоры, 1984-1988 жылдары аралығында Кентау қалалық жүк тасымалдау мекемесінің бас инженері, 1988-2001 жылдар
аралығында Кентау жүк тасымалдау мекемесінің директоры қызметтері атқарды. 1966 жылы еңбектегі үздік ерлігі үшін медалімен, 1970 жылы Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне мерекелік медалімен, 1985 жылы еңбек ардагері медалімен, 2004 жылы тың және тыңайған жерлердің игерілуінің 50-жылдығына байланысты мерекелік медалімен марапатталды. 2004 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағы берілді. Жүзден астам мақтау грамоталары бар. 2008 жылы жергілікті әскери басқару органдарына 90 жыл мерекелік медалімен марапатталды. 2006-2010 жылдары 2 рет ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.
 2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың құрмет грамотасымен, 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекелік медалімен, сол жылы тағы да Ұлы Отан соғысы тыл ардагерлерінің 65 жылдық мерекелік медалімен марапатталды.


2013 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысының 80 жылдығына байланысты мерекелік медалін иеленді. 2012 жылы тамыз айында Ресей мемлекетінің «Адал еңбегі үшін» медалімен, осы жылдың соңында ОҚО 85 жылдығына орай облысқа сіңірген еңбегі үшін медалімен, 2013 жылы Халықаралық Энциклопедия томына енгізіліп, Қазақстанның «Үздік жан» дипломымен және медалімен марапатталды. Алматы қаласындағы «Нұрлы Әлем» баспасынан Р.Балабиев туралы «Қаратау қыраны» атты үлкен томдық кітап жарыққа шықты. Р.Балабиевтің өлеңдерінен сазгерлердің шығарумен жүзге тарта ән көпшілікке танылды. Оның ішінде: «Неге - Неге», «Аяулы әнім», «Нағашы», «Саңғыл би», «Нұрлығайын», «Созағым» және Р.Балабиев өзі әнін, сөзін жазған «Саңғылдың жігіттері» әніне клип түсірілді. Қазіргі таңда сол әндер ел ішінде айтылып жүр. Рахым Базаргелдіұлы 1995 жылдан Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі. Төрт ұжымдық кітап, он төрт жеке кітабының авторы. 2005 жылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) өмірбаянын түгелдей поэзия түрімен «Екі дүние нұры» атты екі томдық кітапты әлемде бірінші болып қазақ тілінде жазып шығарды. Осы кітап дүниеге келгеннен кейін, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының муфтиі мен теолог маманы Кентауға келіп, кітаптың тұсаукесеріне қатысты. 2010 жылы өнер баспасынан «Адаспайтын жұлдыздар»- деген сахабалар туралы жазылған үлкен томдық кітабы жарыққа шықты. Бұл ақын ағаның дін туралы кітабының тендесі жоқ екенін дәлелдеді. 1999-2003, 2008-2011 жылдары 4 (төрт) рет қажылыққа барып, ақбар қажы атанды.
    Кентау қаласының құрметті азаматы. Үш ұл, төрт қыздың әкесі. Балаларының барлығы жоғары білімді. Жұбайы Салиха зейнеткер. 2011 жылы өмір жолдасы екеуі отау тіккендеріне 50 жылдық алтын той өткізді. Бүгінде Рахым Базаргелдіұлы ҚР Қажылар қауымдастығының мүшесі, әрі Кентау филиалының төрағасы, Кентаудағы «Қаратау тәжі» шығармашылық бірлестігінің төрағасы. Кентау Көпсалалы колледжінде арнайы бір дәрісханаға, Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназияның бір бастауыш сыныбына, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде 1-бастауыш сыныбына Р.Балабиевтің аты берілді. Сондай – ақ, Созақ ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы мектептің 1-сыныбы Р.Балабиев атында ашылды.
   Үлгілі отбасы. «Нұр - Отан» партиясының мүшесі. 2014 жылғы мерейлі отасы байқауының облыстық лауреаты. 2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы», «Кентау қаласының 60 жылдығы» медальдарымен марапатталды. bestpeople.name жобасына есімі енгізілді.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий