ҚЫЗЫЛ КӨЛ

ҚЫЗЫЛ КӨЛ
Әні: Қ.Төкебаевтікі

Өзің едің сағынышым бар әнім,
Шаршағанда сенен қуат аламын.
Саған келсем жеңілденіп бәрінен,
Саған келсем көңілденіп қаламын.


ҚАЙЫРМАСЫ:
Саған келсем зерігуді білмеймін,
Саған келсем шабыт отын үрлеймін.
Саған келсем ширек ғасыр жасарып,
Саған келсем алаулаған гүлдеймін.

Саған келсем шабытыма от табам,
Жас баладай мәз боламын шаттанам.
Созақ деген кең даланың төсінде,
Қасиетті көл барына мақтанам.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Саған келсем өте шығар зырлап күн,
Саған келсем исі аңқиды гүл бақтың.
Керегі жоқ маған сенен басқаның,
Тек өзіңсің, қасиетті, қымбаттым.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий