ҚАРТАЙМАШЫ, ЖАН АНА

ҚАРТАЙМАШЫ, ЖАН АНА
Әні: Қ.Төкебаевтікі

 Еңкейіп  қартаймашы,асыл  анам,
Жүрші  сен  жүзің  жарқын,  басың  аман.
Көтеріп  қиындықтың  бар  салмағын,
Кездерің  аз  болмады – ау  жасымаған.


Аналық  мейірімің  теңіздейін,
Өмірім  өзіңменен  егіздейін.
Алысқа  кетіп  қалсаң  аз  ғана  күн,
Жан  ана, сағынамын, сені  іздеймін.

Көтеріп  иығыңмен  нардың  жүгін,
Өмірдің  берген  сыйын  алдың  бүгін.
Кезінде   қылшылдаған  келіншек  ең,
Қарт  әже  болып  енді  қалдың  бүгін.

Жаныңда  немерелер жүрсін  мейлі,
Ойнасын, еркелесін, күлсін  мейлі.
Аналық  мейірімің  неткен  ыстық,
Жүрегім  сен  деп  әлі  дүрсілдейді.

Мені  ойлап  қартаймашы  жабығып  бір,
Егілме, ортаймашы  ағылып  бір.
Мойныңа  асылайын, еркелейін,
Барғанда  арсалаңдап сағынып  бір.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий