ПЕРЗЕНТ САҒЫНЫШЫ

ПЕРЗЕНТ САҒЫНЫШЫ

Әні: Сүгірәлі Сапаралиевтікі
Сөзі: Рахым Балабиевтіңкі

Армысың ,сағым далам, дарқан далам,
Тірлікте саған ұқсас жар таңдағам.
Сен менен ұмытпайтын ән күтесің,
Мен сенен ұмытпайтын ән тыңдағам,
                                 туған жер.


Не жетсін өзіңменен сырласқанға,
Арқаусын бір жыр емес мың дастанға.
Сен ойлайсың ба, сағынышым,
Сені ойлаймын кеудемді жыр басқанда,
                                  туған жер.

Боз далам, тауың-төбем, арман құсым,
Кеудемде сағыныш боп қалғанбысың.
Сен мен үшін барыңды аямайсың ,
Аямаспын сен үшін қалған күшім,
                                  туған жер

Мен сенің аялаған бір шыбығың,
Күле алсаң, тек өзіммен күлші, күнім.
Мен сенің тіршілігің бола алам ба ?
Сен менің тынысым мен тіршілігім.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий