НЕГЕ, НЕГЕ

НЕГЕ, НЕГЕ
Әні : Бекжігіт Сердалінікі

Ақ көңілдім, ақ арманым,
Не болып жүр саған, жаным.
Қаншама рет ойлансам да,
Құпияңды таба алмадым.  
   

Неге жаным үндемейсің,
Сенсіз күнім түн дегейсің.
Неге, неге қызғалдақтай,
Ажарланып гүлдемейсің?      

Өзің едің айбыным да,
Түсірмеші қайғы –мұңға.
Кел жүзейік, келші, құрбым,
Махаббатың айдынында.   

Сенсіз атпас құба таңым,
Сенсіз қалай гүл атамын.
Жүрегімнің қалауысың,
Жалғыз сені ұнатамын. 

Түсіме де сен кіресің,
Сүйем дейсің сендіресің.
Неге, неге сезіміңді,
Жанбай жатып сөндіресің ?  

Ақ көңілдім ақ арманым,
Не  болып жүр саған, жаным ?
Қаншама рет ойлансам да,
Құпиянды таба алмадым.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий