НАУРЫЗ

НАУРЫЗ
Әні: Қ.Төкебаетікі

Армысың, наурыз, ырысым,
Тарқамас тойдың бірісің.
Сен оралып келген соң,
Ашылды қайта тынысым.


ҚАЙЫРМАСЫ:
Қуанып бүгін бәріміз,
Шалқиды көкте әніміз.
Тойымыз тойға ұлассын,
Жарасым тауып сәніміз.      

Бәйшешек орап жер төсін,
Құттықтап жатыр еркесін.
Көргенде көзің тояды,
Даланың жасыл көрпесін.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Биіктеп енді шоқтығым,
Құлпырып, жайнап кетті күн.
Қуанып тұрып қол соғам,
«Хош келдің,  Наурыз» деп бүгін.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий