Мұхит Мақажан - Өмірдерек



   *Барлық өлеңдерін оқу*
Мұхит Əбдəшімұлы Махажанов 1965  жылы сəуір айының 9 - шы жұлдызында ОҚО Кентау қаласында дүниеге келген. 1972 - 1982 жылдар аралығында Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылындағы сол кездегі "Ленин" атындағы жалпы орта мектебін бітірген. Ұзақ жылдар бойы Жамбыл облысы, Жаңатас қаласындағы орталық кен байыту фабрикасында еселі еңбек еткен.  Кейінірек туған жері Кентау қаласына оралған 2005 - 2006 жылдардан бастап, тұңғыш туындылармен баслым беттерінде көріне бастаған Мұхит Махажанов аз жылдардың ішінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді.
2011 жылы Кентау қалалық ақындар мүшəйрасы "Махаббат мəңгілік жыр" ll - орын;
2012 жылы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі - Ұлыстың ұлы күніне орай "Алғыс хат";
2012 жылы "Арнаймын жүрегіммен жырымды" Ащысайтүстіметалл комбинатына - 85 жылдығына арналған мүшəйраның Бас жүлде иегері;

2013 жылы Ұлы жеңістің 68 жылдығына орай өткізілген "Қазыреті Қаратау" атты мүшəйраның Бас жүлде иегері;
2013 жылы Кентау қаласына 58 жыл толуына орай қала əкімі атынан "Алғыс хат";
2013 жылы қаладағы "Қаратау тəжі" əдеби бірлестігінің ұйғарымы бойынша Кентау қаласы аясында "Үздік ақын" номинациясы дипломымен марапатталған.;
2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кітапханашыларының Vll Аймақтық Форум аясындағы "Кітап жəне отбасы" атты отбасылық оқырмандар байқауының lll - орын иегері;
2014 жылы "Асыл азамат" аталған  Кентау қаласының "Құрметті азаматы" Жұмабек Қойшиевке арналған қалалық мүшəйраның Бас жүлде иегері;
2015 жылы "Қаланың өткені мен бүгіні" атты облыстық деңгейде өткізілген жазба ақындар мүшайрасының бірінші орын иегері;
2015 жылы "Алтын жүрек" атты Ысқақ Жұмашевтың 80  жасқа толуына орай қалалық деңгейде өткізілген жазба ақындар мүшайрасының  1 - орын иегері;
2016 жылы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі - Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне "Алғыс хат";
2016 жылы "Сейдулла аға 70 - те" атты Кентау қаласының Құрметті азаматы, ҚР Білім жəне Ғылым министірлігінің "Құрметті қызметкері" Сейдулла Адырашевке арналған қалалық мүшəйраның 1 - орын иегері;
2016 - 2017 жылдар аралығында Мұхит Əбдəшімұлының суреті қаланың "құрмет тақтасына" ілінді;
2017 жылы "қала жанашыры" төс белгісімен марапатталды.
Мұхиттың қаламынан туындаған жаңа шығармалары қалаық "Кентау шұғыласы" жəне "Ғасыр" газеттерінде сондай - ақ Республика аумағына тарайтын "Жас Алаш" "Замана" "Қазақ елі" жəне ОҚО - на тарайтын "Əділет" газеттерінде жарияланған. Оған қоса, оның 2005 жылы "Қаратау тəжі", 2010 жылы "Кентау маржандары" жəне "Кентау - Қаратау тəжі" атты ұжымдық жинақтарға бір топ əңгімелері мен өлеңдері енген.
Мұхит Əбдəшімұлы қос жанрды бірдей алып келе жатқан қаламгер. Ол жүрегін жарып шыққан жалынды жырларымен бірге сабақты əңгімелер де жазып жүр. Өмірдің өзінен көргенін, білгенін, көңіл елегінен екшеп өткізіп, қарапайым тілмен шынайы жазады. Қорыта айтқанда, оқырмандар арасында өзіндік орны бар, ақтарыла төгілетін сыршыл, өлеңдері өткір, жаңашыл ақын.
Рахым Балабиев
Қазақстан Жазушылар, журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мəдениет қайраткері, Кентау қаласының құрметті азаматы, ақын - Акбар қажы Рахым Балабиев.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий