МАЙДАННАН ХАТ

МАЙДАННАН ХАТ
Әні: Қ.Төкебаевтікі

Жарым  едің,  жаным  едің,
Сәл  көрмесем  сағынған.
Арайланған  таңым  едің,
Нұрын  шашқан  бағымнан.


Қайырмасы.
Өмір, өлім  таласында,
Шықпайсың  сен  есімнен.
Жүрмін  оттың  арасында,
Туған  елім  үшін  мен.

Мен  риза  болсын  десең,
Ата – енеңді  сыйлағын.
Кеудем  нұрға  толсын  десең,
Сен оларға  сыйла  гүл.

Қайырмасы.


Бір  ғажайып  сыр  аңдаймын,
Мынау  тәтті  өмірден.
Жауын  жеңген  қырандаймын,
Шықпайды  бұл  көңілден.

Қайырмасы.

Жалын  өрттің  ішіндемін,
Күнде  жаумен  айқасам.
Қиындықты  түсінемін,
Біз  жеңеміз  байқасам.

Қайырмасы.

Жеңіс  туын  әнге  қосып,
Келем  жаяу  дүрмекпен.
Арманым  жоқ,  жан  досым – ау,
Елге  оралсам   құрметпен.

Қайырмасы.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий