КҮТТІМ СЕНІ

КҮТТІМ СЕНІ
Әні: Қ.Төкебаевтікі

Айтпасаң да маған нақты келем деп,
Сені күттім, сені күттім елеңдеп.
Шырылдаса алдымдағы телефон,
Мен ойладым жалғыз ғана сенен деп.


ҚАЙЫРМАСЫ:
Сені күттім,
Сені ойладым, шаршадым.
Төзім бітті,
Кетті менен бар сабыр,
Махабатың аптабына өртеніп,
Сені ғана,
Сені ғана  аңсадым.

Көп ойладым сені күтіп алаңдап,
Шығар едім,
Сылтау тауып амалдап.
Сәлден кейін жамбасым да сыздады,
Қалды ма әлде ,
Сыздау жерден самалдап.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Ұйқы қашты,
Күндер өтті, түн өтті,
Ой азабы,
Шаршатты да жүдетті.
Заңдылық –ау, бағынады екенсің,
Мынау шіркін өміріне жүректің.            

ҚАЙЫРМАСЫ.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий