КҮТЕМ СЕНІ

КҮТЕМ СЕНІ
Әні: Сүгірәлі Сапаралиевтікі
Сөзі: Рахым Балабиевтіңкі

Шуағы мол әлемнің күніндейсің,

Қырдың қызыл көктемгі гүліндейсің.
Күтем сені поездан, самолеттен,
Көңілімді сен қашан бүтіндейсің.


Сүйем сені , жаным –ау , сенесің бе?
Сағыныш құшағына енесің бе?
Сенсіз бір сәт, уақыт өтер емес,
Сүйіктіңді күттірмей келесің бе?   

Келсең еді сен, қалқам , ауылыма,
Жерім тойған көктемнің жауынына .
Қанша қызық көреміз есте қалар,
Көтерілсек Мыңжылқы бауырына. 

Жүрген шақта үміттің жетегінде,
Қайран ғұмыр , қайырылмай кетеді ме?
Арман деген болмас ед сенде, менде,
Сайрандасақ махаббат мекенінде.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий