Көшеде жол берген қарындасқа

Көшеде жол берген қарындасқа


Мені өткіздің жол беріп қарындасым,
Үрдісінен əдебің жаңылмасын.
Ағалықпен айтайын алғысымды,
Қайда жүрсең қарағым бағың жансын!


Жылу төккен жарқ етіп жаңа күндей,
Жан екенсің жайқалған  лала гүлдей.
Келініндей көргенді Төле бидің ,
Қадірлі бол еліңе Данагүлдей!
                 МҰХИТ МАХАЖАНОВ

Комментариев нет:

Отправить комментарий