Қымыран жоқ , қорға ғана қалды

Ауыл əңгімелері
Қымыран жоқ , қорға ғана қалды

Түс ауа үйіне енген ауылдас құрдасын төрге оздырған Мəжім ақсақал " əй Дəмеш, қымыран əкел бізге" - деп ауыз бөлмеде жүрген зайыбына қарата дауыстайды. "Қымыран жоқ , қорған ғана қалды" - деген бəйбішесінің жауабынан кейін "онда шəй əкел құрдасым екеумізге" - деп бұйырады. 

Біраз əжік - күжік əңгіме айтып, шəйланып, маңдай жіпсіткен құрдасы əлденуақытта үйіне қайтады. Ол кеткен соң бəйбішесі Мəжім ақсақалға қарап:
 - Қымыран ішетін бе едің? - дейді.
- Жаңа қорға ғана қалды дегенің қайда? Аш қане ыдыстың қақпағын! - деп зілдене сөйлеген  ақсақал жұбайына ыдыстың қақпағын аштырса ортадан сəл ғана түскен қымыран бар екен . Ызаға булыққан  қария төрде ілулі тұрған қамшыны қолына ала "үйге келген адамға бермеген ас маған қалай адал болмақ?! Төк мына қымыранды сыртқа апарып"! - деп бұйыра ақырғанда шалының ашуынан ыққан бəйбішесі ыдыстағы қымыранды сыртқа ала ата жөнелген екен. Қайран ғана  қамшы мінез қарттарым - ай!
     ©Мұхит Махажанов

Комментариев нет:

Отправить комментарий