КЕНТАУ ЖАСТАРЫНЫҢ ВАЛЬСІ

КЕНТАУ ЖАСТАРЫНЫҢ ВАЛЬСІ

Әні: Сүгірәлі Сапаралиевтікі
Сөзі: Рахым Балабиевтіңкі

Бағыңда гүл түнған,
Кеудеңде сыр тұңған.
«Жәннат » деп тамсанар,
Көрген жан сыртыңнан.


ҚАЙЫРМАСЫ:
Қаратау анасы,
Хантағы баласы.
Ырысты мекенім,
Кеншілер қаласы,
Май гүлім, айбыным, Кентауым.

Қиял ғой тау жағың,
Жинақы аумағың.
Дертімнің шипасы,
Кәусар ма саумалың.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Ақжарқын гүлдерім,

Аңсарым бір менің.
Сендермен қуанып,
Сендермен біргемін.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Көз тұған майсадан,

Қызығар ай саған.
Мақтанбас ,өзіңде,
Туылған қайсы адам.

ҚАЙЫРМАСЫ.  

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий