КЕЛІП КЕТ, ҚАЛҚАМ

КЕЛІП КЕТ, ҚАЛҚАМ
Әні: Бекжігіт Сердалы

Сағындам, айналайын, келіп кетші,
Сағыныш құшағына еніп кетші.
Боянған қырдың беті күлімдейді,
Оянған әсем гүлін теріп кетші.


ҚАЙЫРМАСЫ:
Келіп кет!
Жалғыз сенсің есіл –дертім,
Көріп кет ауылымның кешін-көркін.
Сырласып, ақ жарылып армандайық,
Самалдап туған жердің төсінде еркін .  


Түсіме болып жүрсің жиі енетін,
Мені ойлап сен де босқа жүдеме тым.
Жалғанда сенен артық жақын кім бар,
Өзің ғой жан тірегім сүйенетін.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Кел маған, ботакөзді сағынышым,
Жүрегім ұмтылады жарық үшін.
Сен маған ештеңе де айтпай-ақ қой,
Сезеді айтпасаң да бәрін ішім.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий