Казақ пен қытайдың айтысы.

Казақ пен қытайдың айтысы.
(әзіл-шыны аралас) көзіме еріксіз жас келді..

Қытай:
Сәлем қазақ дегенде, сәлем қазақ!
Сағындырмай өзіңе келем қазақ!
Айтысуға  талайдан іздеп жүр ем,
Қолға өзің түстің бе, бәлем қазақ!
Амансың ба, баладай аңқау қазақ!

Ұйқылы - ояу жүретін марғау қазақ!
Жамбасыңның  астында байлық жатып,
Жарымай-ақ күн көрген жалқау қазақ!

Қазақ:
Хаума қытай дегенде, xаума қытай!
Жалғыз балаң, қатының сау ма қытай?!
Дос болуға мен сені келді десем,
Іздегенің айтыс пен даума қытай?
Шақырмай-ақ қаптадың даламызға,
Тауарың да толып тұр қаламызда.
Өзі сасық, өзі улы болса дағы,
"Арзан" ғой деп әйтеуір аламызда.

Қытай:
Біздің киім болмаса, біздің тамақ,
Аш жалаңаш жүрер ең байғұс қазақ!
Зейнетақың, жалақың түкке жетпей,
Көріп жүрсің күніңді тиын санап.
Жерің де кең, байлығың неткен мол - ақ,
Сол байлықты билігің жатыр тонап.
Орыс досым екеуміз "шапка" беріп,
Уран, мұнай, газыңды алдық талап.
Жеріңді алсақ енді біз егін салсақ,
Қызыңды алып мың жылдық құда болсақ,
Жиеніңді көбейтіп құмырсқадай,
Бәрімізде осында мәңгі қалсақ...

Қазақ:
Не айтайын, "қиғаш қас" қытайым-ай,
Мені жеңдің сенің көп ұпайың ай.
Бір айтыстан жеңіліп көрмеп едім,
Жығып берді - ау, қу билік, Құдайым ай...


© Айтмұxанбет Бейсембеков)

Комментариев нет:

Отправить комментарий