Қанына тартпай тумайды!

Өнегелі оқиға!



    Бір жігіт үйленіпті... Үйлену тойының бірінші күні өзі, жаңа келіншегі және анасы дастарxан басына жиналыпты! Дастарxанда жаңа келінге, жаңа келін болғандығы үшін ерекше құрмет көрсетіп үлкен-сәнді кеседе, тамақтың ең құнарлы жерін ұсыныпты! Ал анасына көңіл аудармастан, қарапайым кеседе, тамақтың қарапайым жерінен ұсыныпты! 

     Бұны сезген текті әрі дана келіншек, күйеуіне: "Менің талағымды беріңіз, сізбенен ажырасамын," - депті.
    Ал күйеуі сүйіп қосылған келіншегін алған шешімінен қайтарамын деп көп ұрыныпты, ақыры болмағасын күйеуі: "Мұндай шешім қабылдауының сырын білгісі кеп",- далбасалап сұрай беріпті.
   Сонда Келіншек: "Қанына тартпай тумайды, - деген, және Қалай жазаласаң солай жазаланасың,- деген, ескінің сөзі бар; мен сізден бала тапқым келмейді, өйткені егер бала тапсам, қәзір анаңыз қорланғандай менде ертең қорланамынба деп қорқамын." - депті.
    Келіншек ол жігітпен ажырасып, анасына мейірбан-жақсылық жасаушы бір жігітке тұрмысқа шығыпты.
    Арадан бірәз жылдар өтіп, күндердің-күнінде керуенде түйенің үстіне қойылған түймешеде, бала-шағасының қызметінің аясында кетіп жатса; керуеннің соңында жаяу келе жатқан қараусыз бір шалға көзі түсіпті...
    Сонда әйел: "Ана ақсақалды қасыма алып келіңдер, - деп бала-шағасына бұйырыпты! Сөйтсе ол бұрынғы күйеуі екен...
     Ол әйел жаңағы шалға қарап: Мені таныдыңызба? - деп сұрапты.
    Сонда шал: Жоқ, - депті. 
    Сонда әйел: Мен сіздің бұрынғы келіншегіңізбін, мен сізге сол кезде; "Қанына тартпай тумайды! Қалай жазаласаң солай жазаланасың!- деп айтпаппа ем?! Міне көріңіз менің бала-шағам қалай қызметімді атқарып жүр, ал сіздің қартайған кезде жаныңыздан табылуы тиіс бала-шағаңыз қайда? - депті!
    Сосын сауап үшін мына ақсақалғада қамқор болыңдар, - деп бала-шағасына бұйырыпты!!!
     
     Абу Жағфар: "Кей келіншектер үйде күйеуі өз анасынан келіншегін абзал қойып жатса, марқаяды! Мені сүйер екен... Мен үшін бәрін кешер екен... - деп көкірек қағады! Бірақ бүгін келіншегі үшін анасынан бас кешкен жігіттен ертең өзіненде бас кешер бала табарын қиялынан тыс қалдырады! Атам қазақ айтады: Атаңа не істесең, балаңнан сол келер! Даналарымыз айтады: Қалай жазаласаң, солай жазаланасың!!! Осыны қәперден шығармағайсыздар! Дана елім..."

Комментариев нет:

Отправить комментарий