Қанаттылар жарысы

Қанаттылар жарысы
Ақылмандар ой салар сөз тізіпті,
Аңыздардан естиміз көп қызықты.
Құстар тобы жиналып ақылдасып,
Əн айтудан бір жарыс өткізіпті. 


Тыншу таппас мұндайда қанаттылар,
Дүбір шықса қалайша қарап тұрар.
Қатысуға жарысқа əншімін деп,
Келген екен көп жерден қанаттылар.

Баянсыз боп басынан бақ ұшқан ба,
Даусы дара шығатын жарысқанда?!
Бағаланбай бұлбұлдың əншілігі,
Бас жүлдені береді сауысқанға.

Кім көріпті дəл мұндай масқараны,
Айтыс - тартыс үлкен дау басталады.
Кейінірек қарт қыран айтты шынын,
Төрешілік етті деп "Тазқараны"

Күні бұрын білмедік мұны неге,
Өнер өлді, қайтадан тіріле ме?!
Құзғын етсе "қазылық" құстар айтты,
Зар болармыз бозторғай үніне деп...
                                    сөзі: Мұхит Махажанов

Комментариев нет:

Отправить комментарий