Қаламдастар лебіздері

Қаламдастар лебіздері

сөзі:Мұхит Махажановқа

Сайыстарға түсетін бағын сынай,
Сарқырай бер өзеннің ағысындай.
Оқырманның ішінде ортасында,
Жүре бергін қарағым сағың сынбай.


Асығыңды бір - бірлеп санап тұрсаң ,
Өмір деген арпалыс қарап тұрсаң.
Бұрыс жолмен кетесің байқамастан,
Руліңді кенеттен ағат бұрсаң.

Ұға білген əр сөздің қасиетін,
Оқырман көп өзіңе бас иетін.
Жазғаныңның барлығы тас кескендей,
Жастарға көп беретін өсиетің.

Кездерің бар күліп те, жылап та алар,
Төзімің бар бəріне шыдап бағар.
Таудың тасын секілді жарып аққан,
Шымырлаған бойыңда бұлақ та бар.

Шаршамасаң толасың кемеліңе,
Қайран қалсын барша жұрт өнеріңе.
Сен ұзаққа барасың айналайын,
Сезім тұнған мөп - мөлдір өлеңіңе.

Құс боп ұшсаң  талмайтын қанаттары,
Ақынсың сен көркейген абат бағы.
Күн еңкейіп батқанмен ұясына,
Бар ғой балам тағы да таң атпағы.

Шаршаса да бір мезгіл тынықпайтын,
Азамат бар асауды құрықтайтын.
Жаза берші қарағым, жаза берші,
Кез де болар өзіңді ұлықтайтын...

Қазақстан Жазушылар жəне Журналистер одағының мүшесі. 
Қазақстан Республикасының Мəдениет қайраткері. Кентау қаласының құрметті азаматы, ақын, Акбар қажы Рахым Балабиев

Комментариев нет:

Отправить комментарий