Жалғыз ұлынан басқа ешкімі жоқ ана

Жалғыз ұлынан басқа ешкімі жоқ ана

...Ертеде жалғыз ұлынан басқа ешкімі жоқ ана өмір  сүріпті. Күндердің күнінде маңдайына басқан сол жалғызы алдына келіп: "Шеше, мен Меккеге қажылыққа барамын" - дейді. Сонда анасы: - "Қарағым - ау, айтып тұрған Меккең не, - мені өмірімнің ақырына дейін бағып - қағып  қарап, арулап аттандырсаң , саған нағыз қажылық сол емес пе, - сен ұзақ сапарға кетер
болсаң , менің күйім не болмақ - ауырып қалсам кім қарайды?! - депті үні бұзылып. Бірақ қиқар ұл өз айтқанынан қайтпай, жолға шығады. 
Талай жерді артқа қалдырған ол, жолшыбай бір шахарда базарға соғып, қажетті затын алған соң , сапарын əрі қарай жалғап, əлде бір жерге келгенде, тамақтану үшін қарайған бұтаның түбіне аялдайды. Ас ішіп болған соң , көз шырымын алмақ боп жантайған жігіт қалғып кеткені сол, əлдекімдердің дабырлап сөйлеп, жұлқығанынан оянып өзіне төнген бейтаныс жандарды көреді. Əлгілердің біреуі " жаңа шахардағы базарда шарбаққа байлап кеткен атымыздың қасынан осыны көргенбіз, өзі, ұры осы!" - деп тап береді. Ештеңеге түсінбеген жігітті олар байлап - матап қазының алдына əкеледі. 
- Затымызды ұрлады деп мына адамдар саған айып артып тұр. Ақтала алар дəлелің бар ма? - деген қазының сұрағына жігіт өзін ақтайтын дəлелді жауап таппай қор болады. 
Өзін қаралағандардың  алдында ақтала алмаған жігітке қарата қазы "қолы шабылсын" - деп үкім айтады. 
Сонда күйінген жігіт: - Ей адамдар, мен сендер ойлағандай ұры емеспін, ананың тілін алмай кеткен кəззаппын - депті өзін...
Мұхит Махажанов

Комментариев нет:

Отправить комментарий