Ел аузынан

Ел аузынан

Бірде сапарда жүрген үш адам көлеңкелі жерде тынықпақ болып таудағы үңгірге кіреді. Дəл сол уақытта қатты сілкінген жер қозғалысынан үңгірдің шығар аузы үлкен таспен кептеліп қалады.


Бірінші адам: 
Мен жарым мен балаларымды қанша жақсы көрсем, ата - анамды олардан да қатты сүйдім. Тапқан нəсібімді алдымен ата - анама беретінмін. Сол кісілердің разылығынан кейін ғана əлгі нəсіптен бала - шағам ауыз тиетін. Бір күні əдеттегідей тəттілерімді алып үйге келсем ата - анам ұйықтап қалыпты. Бала - шағама тəттілерден ауыз  да тигізбестен солардың оянғанын күттім. Ертеңіне ұйқыдан тұрған əке - шешемнің алдына əкелгенімді тосып, сол кісілердің батасынан кейін ғана жұбайым мен балаларымның үлестерін бердім. Менің жүрегіме осындай иман берген Жаратушым сенің кеңдігіңе ешқашан күмəн келтірген емеспін. Қазір де бізді қиындықта қалдырмайтыныңа  сенімім мол. Бізді мына қапас үңгірден шығар көр  - дейді. Үңгір аузына кептелген тас аз қозғалып, үңгірдің ішіне сəуле  түседі. Екінші адам:
- Менің бір əйелге көңілім құлады. Оны көңілдес еткім келді. Бірақ ол көнбеді. Сонан соң ақы төледім. Əйел айтты:
- Алладан қорықсаң мені ақшамен арбама! Көңілдесің бола алмаймын. Некелі əйелің етіп алсаң келісемін - деді.
Мен əйелге ұсынған  ақымды сол жерде қалдырып шығып кеттім. Өйткені əлемдердің иесі Жаратушы Алла сенен қорықтым. Сен кешірімдісің! Бізді мына қапастан құтқара гөр! - дейді. Тас тағы қозғалып, ішке жарық молырақ түседі. Бірақ сыртқа шығып кетуге əлі де жетерліктей емес еді. Үшінші адам:
- Мен бір жұмысыма адам жалдадым. Оған беруге тиісті ақыға біраз мал алдым. Жалдаған адамым жұмысын біткен соң менен ақысын сұрады. Мен ақыны ақшалай емес, малмен бергім келетінін айттым. Малды апарып сатса алатын ақысынан да көбірек ақша түсіретінін түсіндірдім. Ол қуанып мен берген малдарды алдына сап айдап алып кетті. Мен бұл амалымды сенің кеңдігіңнен үміт етіп жасаған едім. Жаратушы ием! Сен жақсылыққа жақсылық қайтарушысың - бізді мына үңгірден  құтқара гөр! - дейді.
Үңгір аузына кептелген тас қаттырақ қозғалып, үңгірдің аузы ашылады. Істеген жақсы амалдарына орай Алла да əлгі адамдарға жол ашқан екен...
Дайындаған: МҰХИТ МАХАЖАНОВ

Комментариев нет:

Отправить комментарий