БОТАКӨЗІМ

БОТАКӨЗІМ
Әні: Рахым Балабиев
Сөзі: Рахым Балабиев   
       
Сағындам ,айналайын , келіп кетші,
Сағыныш құшағына еніп кетші.
Боянған қырдың беті күлімдейді,
Оянған әсем гүлін теріп кетші.


ҚАЙЫРМАСЫ.
 Кел маған ботакөзді сағынышым,
Жүрегім ұмтылады жарық үшін.
Ештеңе де айтпай-ақ қой Ботакөзім,
Сезеді айтпасаңда бәрін ішім,

Жүрегім сезінеді, бұлқынады,
Жайнайды, көктем болып құлпырады.
Ән салып махаббаттың әсем бағы,
Әйтеуір, жалғыз сен деп ынтығады.

ҚАЙЫРМАСЫ

Сенбісің Ай мен Күнім аспандағы,
Сенбісің айдын көлді қасқалдағы.
Сенімен мықты менің босағам да,
Сен болсаң ештеңеден жасқанбадым.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий