Білмейміз - ау табиғатта тіл барын

Білмейміз - ау табиғатта тіл барын

Сөзі:Мұхит Махажанов

Терезеден күннің нұры саулаған,
Көрінеді күнгей беттен тау маған.
Түйе басты қос өркешті қожыр тас,
Шөгіп жатқан бура дерсің аумаған.


Түйе тастар тізе бүгіп шаңдаққа,
Қарайтындай ой жіберіп жан - жаққа.
Төбесіне қонақтады бұйра бұлт,
Жуындырып жауынымен алмақ па?!

Бастады ма екеу - ара кеңесті,
Сыбыр - сыбыр сол жақтан бір жел есті.
Мөлтілдеген жас тамызып бұлт кетті,
Кім білсін - тау менен бұлт не десті?!

Шертетұғын бір - біріне мұң зарын,
Білмейміз - ау табиғатта тіл барын.
Сүлеймендей болғанымда сұңғыла,
Ұғар едім деп ойладым сырларын.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий