Аяулы әнім

Аяулы әнім
Әні: Құрсанбек Өмірбаев
Саған аранп жазған ән-аяулы әнім,
Сен дегенде жүрегім алау жалын,
Келбетіңді көруге асық  болып,
Талай-талай аулыңа жаяуладым.    


Мен өзіңе әйтеуір ғашық болып,
Өз-өзімнен жүремін тасып , толып.
Тіршіліктің шуынан шарпшағанда,
Құшағыма кірсейші қашып келіп.

Алдық біраз ғашықтық заңын біліп,
Алдың мені сол заңмен бағындырып.
Күлсең болды , әйтеуір, шын пейілмен,
Жүрсең болды, әйтеуір, жанымды ұғып.  

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий