АСЫЛ ЖАРЫМ

АСЫЛ ЖАРЫМ
Жатсам –тұрсам есіл –дертім бір өзің,
Тал бойыңа жарасады мінезің.
Өзіңді ойлап, кешқыламын ертеңді,
Өзіңді ойлап , таңды атырам бір өзім.


ҚАЙЫРМАСЫ:
Асыл жарым, қолға қонған құсым ба ең?
Сені іздеймін,
Сені ойлаймын ішімнен.
Тіршілікте сағыныштың салмағын ,
Сен арқылы сезінгем де, түсінгем.

Азап маған сенсіз өткен бір кешім,
Қайда жүрсем , жүрегімде біргесің.
Біздер тіккен бақыт атты отаудың,
Енді екеуміз тіреп турмыз іргесін.

ҚАЙЫРМАСЫ:

Саған арнап хат жазамын сағынсам,
Саған ғана табынармын, табынсам.
Іздегенде, аңсағанда әрқашан,
Арманым жоқ ,сен  жанымнан табылсаң.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий