Арманым

Арманым
Сөзі: Мұхит Махажанов

Үміттене иек артып таңдарыма, Жете алмай келемін арманыма. Күннен қашқан көрініп көлеңкедей, Əлде мені құрғырың алдады ма?!
Көз арбаған көк елес сағым ба еді, Қиял қуған болмаса шағым ба еді?! От тұтатып мінеки жүрегімде, Сезім желі іштегі тағы үрледі. Құлап тұрып қайтадан ұмтыламын, Өлең арман жеткізбей ынтығамын. Алады да оятып ұйқымнан ол, Мазамды ап қоймайды шымшылауын!

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий