Анама

Анама

сөзі:МҰХИТ МАХАЖАНОВ

Сіз боласыз мен үшін құрметті адам,
Өлең арнау өзіңе міндет маған.
Ұзақ жылдар ұстаз боп еңбек еттің ,
Өстім мен де саяңда гүлдеп санам.


Ел есінде сақталып қалмасаң да,
Маған Ана, қымбатсың , əрқашанда!
Қиналғанда рухыңмен сүйеп мені,
Түсіме де кіресіз анда - санда.

Жатырсың - ау тас төсек қабіріңде,
"Жоқ" дегенге сенбеймін əлі күнге.
Ауырғанда дем беріп жылы сөзің ,
Болмайтынды керегі дəрінің де.

Сұм тағдырым талай рет сүріндірді,
Дұшпандарым сөзге де іліндірді.
Кешір, Ана, кеш жазсам жырымды мен,
Қадіріңді құлының бүгін білді!

Комментариев нет:

Отправить комментарий