АЛТЫН ҰЯМ

АЛТЫН ҰЯМ
Әні: Рахым Балабиев
Сөзі: Рахым Балабиев     
     
Өтті талай қысым , жазым көктемім,
Сенен алыс мен де сірә , кетпедім.
Қайда жүрсем бір шықпайсың ойымнан,
Айналайын білім алған ,мектебім.             


Жан емеспін ештеңеден жасқанған,
Зәуләм терек өсіп өнер жас талдан.
Сауат ашу білім беру қазаққа,
«Алтынсарин », нақ өзінен басталған. 

Ішкеннен соң білім суын бр қанып,
Жүрген жоқпын еш нәрседен құр қалып.
Жақыс жырға ақын жаны сай болса,
Өмір мүлдем кетпейді ме нұрланып. 

Маңдай терден жаратылса несібем,
Адалдықты ту ғып ұстап өсіп ем.
Сенің арқаң білім алған, мектебім,
Қалмай жүрсек ұлы заман көшінен.   

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий