АҚМАРАЛ

АҚМАРАЛ
Әні: Сүгірәлі Сапаралиевтікі
Сөзі: Рахым Балабиевтіңкі

Ақмарал, қалың ойдың тұңғиығын шарлап тым,

Бір даңғыл жол көз алдыма орнаттым.
Ақмарал, бұра тартпай,тура жүріп , әйтеуір,
Осы жолмен , сәулем, саған бармақпын.


ҚАЙЫРМАСЫ:
Ей, сыңар құсым,
Бұрар ма ішің?
Мені аңсап,
Тұрармысың ?!

Ақмарал, қалың ұйқы кезінде де түнгі әсем,
Түсіме еніп мазалайсың күнде сен.
Ақмарал, сүйіп, тасып, иықтасып отырып,
Өзіңменен кәдімгідей тілдесем.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Ақмарал, ойланамын, хал –жайыңды білсем деп,

Бұл сөзіме сенен басқа кім сенбек...
Ақмарал, бар тілегім өзің жақта күн-түні,
Жүрек шіркін дүрсілдейді бір сен деп.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Ақмарал, кезім ғой бұл күте –күте шағылған,

Көкірегімнен сағыныш боп ағылды ән.
Ақмарал, ояу жүріп ойлайсың ба сен мені ?!
Мен өзіңді түсімде де сағынам.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий