АҒАЛАРЫМ

АҒАЛАРЫМ
Әні: Сүгірәлі Сапаралиевтікі
Сөзі: Рахым Балабиевтіңкі

Айналайын, ақ шашты ағаларым,
Ағаларым , қайыспас қар нарым.
Қуансам да сендерді жағаладым,
Қиналсам да сендерді паналады.


ҚАЙЫРМАСЫ.
Ағаларым –тұлғалы тарландарым,
Өздеріңдей болсам деп армандадым.
Жұпар шашты қаншама келіп көктем,
Қызығына, қиқуға еліктеткен.
Сендерді іштей пір тұтамын,
Мен сендерге алаңсыз сеніп кеткем.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Ағаларым –құламас өорғандарым,
Сендерсіңдер жемісі толған бағым.
Сендер барда елім де бүтін бүгін,
Сендер барда келінге күтімдімін.
Ақыл айтар өздерің болмасаңдар,
Түтетеді күн ертең түтінді кім.

ҚАЙЫРМАСЫ.

Тағы да бір таң атты, көрінді күн,
Ардақтайды сендерді елім бүгін.
Айналайын, ағалар сендер барда,
Ар –ұятым алдында сенімдімін.

Поделиться

Комментариев нет:

Отправить комментарий