Сен биіксің – Нар тұлғам

Сен биіксің – Нар тұлғам

Тұңғыш қазақ дипломаты, қоғам қайраткері, тіл маманы, Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы алғашқы елшісі – Нәзір Төреқұловтың 125-жылдық мерейтойына.


Қазақтан ұшқан сұңқарым,
Өзіңсің  қыран ,тұлпарым.
Өзіңді жастан баптадың,
Беліңе қайыс байладың.

Сырдың бойын аралап,
Сананы түйдің -Тарланым.
Қалың тоғай, ну орман,
Болған ед онда жан-жағың.
Қонысың болған Сыр бойы,
Жаныңа жақын жер еді.
Туған жер, елім барым деп,
Ұлтыммен бірге жаным деп,
Қияға көз тастадың,
Түзесем елдің бағын деп,
Бітімді ойды түйіндеп,
Ден қойдың білім түзуге.
Нәзір баба – Тарланым!
Білімді алып ауылдан,
Аймаққа көз тастадың.
Өзге ұлтқа арналған,
Орысша білім таңдадың,.
Қоқаннан дәріс алуға,
Жол тартып тағы барладың.
Сауда-саттық білімді,
Мәскеуде тағы жалғадың.
Біліммен бірге саясат,
Жадыңда болды –Тарланым.
Орыстың заңы ақ болып,
«Қара жұмыс» шықты, талдадың.
«Еркін дала» ұйымын,
Астыртын  жүріп құрғаның,
Ұлтыма пайдам тисін деп,
Ұлт-азаттық күресте,
Жеңу болды арманың.
Саясаттың қазанын,От болып тағы қайнаттың.
Білімнің тұнған шағында,
Қайраткер болдың –Тарланым!
Қызмет еттің тағы да,
Қызыл армия сапында!
Жиырмасыншы жылдары,
Ташкент болды тұрағың.
Мемлекеттік лауазым,
Септігін берді жолдардың.
«Иштрати Июн» -ға редактор,
Болдың тағы –Тарланым.
Мұсылман жиын басқардың.
Түркістанға бас бұрып,
Сайландың білім наркомға,
Төраға  болдың  тағы да,
Атқару комитетінде.
Білім беру бөлімін,
Басқардың  қатар тағы да.
Қайта барып  Қоқанға,
Атқардың білім  саласын.
Осылай ұлттың бар қамын,
Ойладың арыс -Тарланым!
Қазақтың салт-дәстүрін,
Қолға алып, талдадың.
Құрбан айтқа арнайы,
Демалыс күнін бекітіп,
Ілдің  дәстүр қаймағын.
Жадынан бір сәт шығармай,
Мұсылман жолын демедің.
Бабаның берген сыймен,
Қазақ деп арыс –толғадың.
Халқына еңбек сіңірген,
Жан баба жолың дүр еді.
Орталық баспа басқарып,
Ғылыммен ойды томдадың.
Ұстаздықтың шыңына ,
Шыға жүріп сағадың.
Мәскеуде жалғап ілімді,
Оза шықтың төріңе.
Азаматтық құндылықты,
Салт-дәстүрмен ұштадың.
Дипломатия саласында,
Қызметті бастадың.
Іскерлігің жылдан-жылға,
Арта түсті –Тарланым!
Хиджаз бенен Неджде,
Елші болып атандың.
Қазақтан шыққан нар тектім,
Сегіз жылдай елші боп,
Ел мұңын тыңдап барладың.
Халықтың әлсіз тұстарын,
Көре жүріп шыңдадың.
 Қызметті мінсіз жасап,
Сеніммен шыңға барладың.
Заманның заңғар тұлғасы,
Қазақтың сұңқар дарасы,
Ғаламның достық арасын,
Жалғадың арыс –Тарланым.
Жан баба-Нәзір  қазақтың,
Маңдайға берген тұлғасы!
Тілің, ділің көк жүзінде,
Ғылыммен нықтап барладың.
Сауда-саттық көпірінде,
Ынтымақпен талғадың.
Мекке барып, қажы атанып,
Сауап істі жасадың.
Жеті-сегіз өзге тілде,
Жүрегіңде  сайратып,
Өшпес мұра сыйладың.
Алаш елін – пір тұтқан,
Нәзір баба-ұлысың!
Ұлылығың халқыңмен,
Мәңгілікке айналған.
Тәуелсіздік байтақ елім,
Өзіңменен самғаған!
Сен тірісің-асыл бабам,
Қайраткері қоғамның.
Төреқұлов Нәзір баба,
Өзіңменен мақтанам!
Сен қорғаған, қазақ елің,
Шыңымда тұр-жан бабам!
Қазағымнан тұңғыш шыққан,
Дипломат –сен дарам!
Ғасырлардан-ғасырларға,
Үнің жетсін –Нар тұлғам!
Тұңғыш елші  Арабияда,
Сен атандың шыңдалған.
Нәзір баба - жыр көмейім,
Төгілді пәк сайраған.
Жатқан жерің пейіш төрі,
Болсын бабам –Нар тұлғам!
Сенің бейнең ұрпағыңның,
Жүрегінде сақталған!
Болашаққа сенің мұраң,
Қол бұлғап тұр – жан бабам!
Ізгілікті іскерлігің,
Ғұламалық жан бабам!
Қазағымның шоқ жұлдызы,
Дара шыққан жан бабам,
Нәзір баба -  сенсің әлем,
Сенсің баба- Нар тұлғам!

Комментариев нет:

Отправить комментарий