Алаштың арда тұлғасы

Алаштың арда тұлғасы
Тұңғыш қазақ дипломаты, қоғам қайраткері, тіл маманы, Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы алғашқы елшісі – Нәзір Төреқұловтың 125-жылдық мерейтойына.

          (терме)

Қазақтың атын әлемге,                     
Паш еткен асқақ нар тұлға!
Ұлтымның биік арнасы,
Заманның заңғар тұлғас,
Болашақ елдің тұғырын,

Алыстан көрген  данасы.
Туған жер, Отан жаным деп,
Білімнің сүзіп сарасын.
Қараңғы түнді жарыққа,
Сәулелі аймен көмкердің,
Қайраткері қоғамның,

Жан баба-Нәзір –нар тұлға!

Өткерген өмір кеңестің,
Дәуірін шешкен данасы.
Екінші Мекке саналған,
Түркістан болды  айнасы.
Бар өмірін сарп еткен,

Жан баба-Нәзір –нар тұлға!

Қазақтың тұңғыш елшісі,
Өзіңсің баба –өр тұлға!
Көктегі күндей шуағың,
Мұра боп қалды халқыма!
Сәуле боп көкте тұр тұлғаң,
Алдынан тосқан дауылды,
Арыстандай  айбатпен,
Қайсарлық берік тірекпен,
Тағдырын елмен гүлдеткен,

Жан баба-Нәзір –нар тұлға!

Ұлтымның асқақ тұлғасы!
Ана тілім арым деп,
Тілдің үнін дамытқан.
Қазағым менің жаным деп,
Біліммен атсын таңы деп,
Құлашты сермеп білімге.
Шуақты күнмен тоғысқан.
Сел болып тосса алдынан,
Ақылмен шешіп табысқан.
Араб  пенен ғаламның
Достығын шешіп қауышқан.
Қазақтың  қайсар данасы,
Самалын тосқан даласы,
Бойына жігер тұндырған,
Қазақтың дархан даласы,
Өзіңсің ұлттың дарасы,
Ұлтымның асқақ тұлғасы!

 Жан баба, Нәзір –нар тұлға!

Зерделеп білім бұлағын,

Том-томдап ғылым жинадың
Дәстүрін ұстап қазақтың,
Құрбан айтты қолдадың.
Имандылық  жүрекпен,
Алла деп терең толғадың.
Сауап жасап пендеге,
Жол аштың Мекке сапарға.
Теңдесі жоқ адалдық,
Жеткізді асыл мұратқа.
Түбімді терең сұрасаң,
Ұлымын-қазақ арыстан.
Деген үнмен ғаламға,
Ұлтымның үнін сомдаған.

Нар тұлға –заңғар биігім,

Жан баба, Нәзір –нар тұлға!

Өзіңмен бүгін мақтанып,
Толғадым баба айналып.
Ұрпаққа үлгі болсын деп,
Саралап шықтым жолыңды.
Ғасырлар сырғып кетсе де,
Бар мұраң тұрар жалындап.
Теңіздей толқып тасыған,
Кемеңгер баба- жан баба,
Алашқа күн боп көгімнен,
Сәуле боп көкте тұр тұлғаң,
Басымды идім –жан баба!
Ұлылық қонған данасың,
Бәрінен биік тұлғасың.
Киелі елім –Түркістан,
Тұрғызар биік мұрасын.
Шоқтығы биік – заңғарым,
Алаштың арда тұлғасы,

Жан баба, Нәзір –нар тұлға!

Комментариев нет:

Отправить комментарий