Поэзия әлемінің дарасы

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ  ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ

«Поэзия  әлемінің  дарасы»
Қазақстан    Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»     бағдарламалық мақаласын  жүзеге  асыру мақсатында орталық  кітапхананың  оқу залында    жергілікті ақын Мұхит Махажановқа  арналған     «Поэзия  әлемінің  дарасы» атты поэзия кеші өтті. 

Поэзия -  бір тылсым   дүние, поэзия - сырлы әлем, поэзия- бір жұмбақ әлем.
Мұхит  Әбдәшімұлы  қос жанрды  бірдей  алып келе  жатқан  қаламгер. Ол жүрегін жарып  шыққан  жалынды  жырларымен  бірге  сабақты әңгімелер  де жазып жүр. Өмірдің  өзінен көргенін, білгенін, көңіл елегінен екшеп өткізіп, қарапайым тілмен шынайы жазады.  Оқырмандар арасында өзіндік  орны  бар, ақтарыла  төгілетін  сыршыл  ақын. 
Поэзия  кеші  барысында  ақын туған  жер- адам  баласының  қимайтын да, сыйлайтын да қасиетті қазынасы  екенін,  өскен ортасын есіне алып жүретіндігін, бүгінгі  күнде оқырман  жүрегінен  орын  тапқан  жырларынан   «Сағынамын»,  «Анама»,  «Кентауым»,  «Мұң», тағы  да  басқа  өлеңдеріне  тоқталды.  Поэзия  әлеміндегі сүйікті ақындары  Мұқағали Мақатаев,  Серік Томанов  және Сағат  Сәтекбай туралы бір  үзік  сыр  айтып, ақындардың  өлеңдерін  жатқа  оқыды.    Іс-шараға  қатысқан  жергілікті  қаламгер  Р.Ташимбетова  өзінің  ізгі  тілегін айтып, ақынға шығармашылық   табыс тіледі.
Кеш  соңында  ақын өзінің  махаббат,  достық, мамандық   жайлы    жырларына    және  өмір  туралы  әңгімелеріне  тоқталды. Келген  қонақтар,  ұстаздар   мен   оқушылар  «Кентауды  жырға  қосқан  ақын – жазушылар»   және  «Сыршыл  ақын»  атты  кітап  көрмесімен   танысты.



Комментариев нет:

Отправить комментарий