Отанды сүю - азаматтық борышым.

Отанды сүю -  азаматтық борышым.

Қазақстан  байтақ елге көңіл нұрын төгейін,
Әрбір белін, өркеш тауын өз әкем деп сенейін.
Рухани бар байлығым, сенің берген теңдігің,
Азаматтық борышыммен Көк туымды сүйейін!

Сені сүйдім бала күннен, пәк анамдай көктегі,
Сені сүйдім өз әкемдей асқар тауды  сендегі.
Сені сүйдім тіршілікті үйіп берген бір Аллам,
Құлай  сүю азаматтық борышым  тек  мендегі!

Сенен келді, маған өмір шексіз мейірім шуағым,
Жарық сауле,асыл зерде сарқылмасын бұлағым.
Сенің шексіз әлеміңді жүрегіме баулыдым,
Бала үнмен, бала күннен өзің болдың, жыр - әнім!

Тыныш өмір кешшін елім мәңгілік ел -тұрағым,
Қалықтасын көгімде аққу сыңарымен жұб әнім.
«Азамматтық борышым» деп мен өзіңе бас ием,
Жаса елім, самға биік, желбіре ту - тұмарым!

Жаса елім, Елбасының азаматтық сертімен,
Жаса елім, өр халқымның қайтпас қайсар күшімен.
Жаса елім, елін сүйген ақ жаулықты анамен,
Жаса елім, пәк сезімді , бал уызды сәбимен.

Жойылмасын бабалардың даналық ой  дерегі,
Шарықтасын  қазағымның ынтымақты тірегі.
Жаса елім, мәңгілікке «Қазақ елі» төрімде,
Арта түссін азаматтың асыл, ойы кемелі!

Комментариев нет:

Отправить комментарий