Артық мақтанам деп аузынан қағынды.

Балғын күндер естелігі 

Артық мақтанам деп аузынан қағынды.

...Ауылдағы топ құрдастар Ердос атты досымыздың үйінің артындағы жалпақ тақтайдан жасалынған орындықта əңгіме сапырып отырмыз.  
- Кейінгі  кезде  ауылда  тауық  ұрлайтындар  шығыпты - дейді сол  рас  па? -  деп  ортамызда   отырған  Аманбай  досымыз  əңгіме  бастады.  

-  Басқасын  білмеймін,  біздің  үйдің   тауығын   ұрлауға  ешкімнің   жүрегі  дауалай  қоймайды -  деді  ауылдағы  жасөспірімдер  арасында  бұзықтығымен  аты  шыққан  Ердос  "тауығымды  ұрлағанның  тұмсығын  бұзамын"  -  дегенді  аңғартып.  
Осы  кезде  арамыздағы  Ақатай  атты  досымыз   Ердосқа   байқатпай  бізге  қарап,  көзін  қысты.  Оның  "Ердосты  тəубасына  келетіндей  етіп,  бір  қатырайық" -  деген  ымын  əрине  біз  іштей  ұғысып,  жымиып  отырмыз.  
Ертеңіне  " тауық  етінен орама  жасап  едік,  келіп  ауыз  тиіңдер"  -  деп  шақырған  Ақатайдың  үйіне  жиналған  құрдастар  гу  -  гу  етісіп  əдеттегідей  əңгіме  қыздырып  отырғанбыз.  Бір уақта  " кеше  мен  артық  мақтанып  қойдым  ба,  біздің  үйден  де  тауық  жоғалды"  -  деген  Ердосқа  қарап,  Ақатай  бастаған  екі  -  үш  досымыз  қарқылдай   күліп  жіберді.  Сонда  барып  Ердос  досымыз  жеп  отырғаны  өз  үйінің  тауығының  еті  екенін  түсініп,  "сволощтар  сендер  екенсіңдер  ғой  -   деді  тамағына   түйілердей   қызара.  Мазаны  алып  аңсатқан  балалықтың  бал  күндері - ай! -  деймін  кейде  ерке  күндерді  есіме  алып...
МҰХИТ  МАХАЖАНОВ

Комментариев нет:

Отправить комментарий