Сөз тапқанға қолқа жоқ

Сөз тапқанға қолқа жоқ

 Өз атына ылғи да өнердегі қаламдастарынан  мақтау естіп жүретін Ақжол есімді ағамыз бірде үлкен қалаға барып, жыр сайысына қатысады.  Аталмыш байқауда  алғашқы орынды алған ақынға жүлдеге бағалы кілем беріп,  екінші орынға табан тіреген Ақжол ағамыздың басына бөрік кигізіпті. Былай шыққан соң Ақжол ағамызға ере барған  достары:

- Біз сені "мықты ақын" - десіп төбеңді көкке көтеріп мақтап жүрміз.  Сенген ақынымыз сен болсаң бірінші орынға тігілген қымбат кілемнен қағылып, бөрік киіп келе жатқаның мынау деп əзілмен қағытады.   Өз кезегінде  Ақжол   ағамыз: 
-  Ой, сендер не білуші  едіңдер  кілемді жерге төсейді. Ол кілемді табанымен баспайтын адам жоқ. Ал бөрік дегенің  баста тұрады. Ендеше бөрік кигізгені басымды жоғары бағалағаны емес пе? - деп ұтымды жауап айтқан екен. Иə, "сөз тапқанға қолқа жоқ" - деген осы болар сірə.
            ©МҰХИТ МАХАЖАНОВ

Комментариев нет:

Отправить комментарий